«Самұрық- Қазына» ғаламдық індеттен қарқыны бәсеңдеген отандық экономиканы қалпына келтіруге бағытталған жаңашыл шараларды іске асыруға кірісіп кетті. Бұл туралы Қор Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов онлайн-брифингте хабарлады.
Брифингте Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында экономиканы қалпына келтіруге бағытталған бағдарламаны іске асыру жөнінде тапсырма бергені және Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы шаралардың, оның ішінде, сатып алу жүйесінің экономикалық белсенділікті дамытудағы маңызына тоқталғаны атап өтілді.
Ә.Пірметов бүгінде сатып алу жүйесі компанияның жай ғана операциялық қызметі емес, маңызды бөлігі болғанын атап өтті. Қазіргі жағдайда оның рөлі көкейкесті мәнге Президент сатып алу жүйесін экономиканы қалпына келтірудің белсенді тетігі деген болатын. «Самұрық – Қазына» қоры қазіргі таңда сатып алу қызметінің маңызды механизмдерін экономиканы дамытуға арналған негізгі салаларға қолдау көрсету арқылы бастайды. Солардың бірі – Қор ұсынған импортты алмастыру бағдарламасы.
Оның бір парасы — 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «оффтэйк- келісімшарт» негізінде жүзеге асып келеді.
«Оффтэйк-келісімшарт» — компания тарапынан отандық өнім өндірушілердің өнімін алуға берілетін кепілдендірілген тапсырыс құралы. Сондай-ақ бұл бизнес өкілдеріне бір жылдан аса келісімшарт алуға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде дағдарыс тұсында бизнесті дамытуға ең тиімді мүмкіндік. Жоба 3 маңызды саты бойынша жүзеге асады. Ең алдымен тұрақты әрі үнемі сұранысқа ие, өз елімізде өндірілмейтін тауарлардың тізімі жасалады. Бүгінде бұл тізімге жалпы көлемі ұзақ мерзімді қажеттілікпен 200 млрд теңгені құрайтын 1200-ден астам тауар енді.
Әрі қарай арнайы құрылған компания импортты алмастыратын өнімдерді шығаратын отандық бизнесмендердің жобаларын қарастырады. «Бүгінде бизнес бізді емес, біз бизнесті олар үшін тиімді шарттар негінде іздейміз» ,- деді Ә. Пірметов.
Бұл бағдарлама шеңберінде 71 компаниядан 110 жоба келіп түсті.
Бүгінде оның машина жасау, химия, телекоммуникация саласында 37 жоба мақұлданды. Бұл жоба салынатын инвестиция көлемі 218 млрд теңгені құрап, 2000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделуде.
Машина жасауда энергетика саласында қолданылатын электрофильтр бөлшектерін өндіруге 821 млн теңге қаржы бөлінді. Осы механизмдердің аясында Қор тарапынан елімізде жаңа өнімдерді өндіру бағытталған жобалар жүзеге асты.
Осыған дейін трансформаторларды 6 млрд теңгеге Ресей мен Қытайдан сатып алынатын, бүгінде трансформатор өндірісі елімізде жолға қойылды.
Онлайн-брифингте қолдауға ие болған жобалар бойынша Қордың еншілес компанияларымен оффтэйк- келісімшарт жасалғаны жөнінде ауқымды мағлұмат берілді. Бүгінде 22 млрд теңгеге 35 оффтэйк-келісімшартқа қол қойылды. Оның бесеуі биыл құпталды және жалпы құны 13,5 млрд теңгені құрайды. Мысалы, Қор метанол өндіретін зауыт құрылысы бойынша жобаны қолдады. Жоба бойынша инвестиция көлемі — 65 млрд теңге.
«Оффтейк-келісім-шарттар механизмінің арқасында Қор елімізде жаңа өндірістер құруға қолдау көрсетті. Егер бұрын компаниялардың қаражаты шетелге кетсе, бүгінде олар еліміздің экономикасы үшін жұмыс істеп, жұмыс орындарын сақтап қалуға және құруға өз үлестерін қосып жатыр»,- деді Әлішер Пірметов.
Ә.Пірметов қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ола үшін компаниялар тобының сатып алуларына қолжетімділік жеңілдетілгенін атап өтті. Атап айтқанда, тауар өндірушілер тендерге өтінімді және келісім-шарттарды енгізуден босатылды, сатып алу мерзімін 41 күннен 31күнге қысқарылды және баға ұсыныстарын сұрату кезінде 20 күннен 16 күнге дейін береді. Тендер бойынша құжаттар көлемі 12 күннен 9 күнге дейін, баға ұсыныстарын сұрату 6 күнге дейін қысқартылды.
Қор Басқармасы төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов қазіргі дағдарыс кезінде отандық өндірушілерді қолдауға қосымша шаралар қолға алынғанын атап өтті.
Президенттің тапсырмаларын іске асыру үшін төтенше жағдай талаптарына байланысты айыппұл санкциялары мен бизнеспен шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін сенімсіз жеткізушілер тізіміне енгізу тоқтатылды.
Сатып алу стандартында қазақстандық материалдар мен жабдықтарды жобалау-сметалық құжаттаманы жасау кезінде қолдануға міндеттелді. Осы нормаларды бұзғаны үшін айыппұл санкциялары қарастырылған.
Ә.Пірметов атап өткендей, Қор компанияларына 500 млн теңгеге дейін сатып алу кезінде жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандумдар/келісімдер жасауды пысықтау тапсырылды. Бүгінгі таңда қызметкерлердің қысқаруына жол бермеу бойынша бизнес міндеттемелері бар 800-ге жуық келісімге қол қойылды. Сатып алу жеңімпаздары 163 компания жаңа жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелер қабылдады.
«Қор үшінші жыл отандық бизнесмендер үшін сатып алу шарттарын жақсартып жатыр. Бүгін, ел үшін дағдарысты сәтте бизнес жауапты қадам жасауға тиіс уақыт келді. Яғни, бұрынғыдай келісім-шарттық шарттарды орындау ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарын да сақтау»,- деп атап өтті Ә.Пірметов.
Өз кезегінде, компаниялардың бірінші басшыларының барлық орынбасарларына қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету жөнінде KPI орнатылды. Оның ішінде «қарапайым заттар экономикасы» салалары бойынша отандық тауар шығарушыларды қолдау да бар. Ағымдағы жылда олардың үлесі 2019 жылы 75%-дан 94%-ға дейін өсті.
Соңында Ә.Пірметов компания тобының сатып алу жоспары 2020 жылы 2,8 трлн теңгені құрап, 78%-ға немесе 2,2 трлн тенгеге орындалғанын атап өтті. Өткізілген сатып алу қорытындысы бойынша үнем 98 млрд теңгені құрады.
Айта кеткен жөн, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысы отырысында экономикалық белсенділікті қалпына келтіру құралы ретінде сатып алуды сауатты пайдалану қажеттігін атап өтті.
«Самұрық-Қазына» биыл үшінші жыл қатарынан отандық кәсіпкерлерге сатып алу шарттарын жақсартып отыр. Қазіргі таңда қор Елбасы мен Президенттің экономиканы қалпына келтіруге арналған шараларын белсенді орындауда.