jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобында өз кәсіптеріндегі үздік өндірістік мамандықтағы әйелдер марапатталды»

19 наурыз 2021, 13:37

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобында өндірістік салада жұмыс істейтін әйелдер арасындағы кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды. «Көктем шуағы» байқауына теміржол, пошта, мұнай, машина жасау, металлургия, энергетика және басқа да салалардың өкілдері қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты-әйелдер арасында өндірістік кәсіптердің беделін арттыру және танымал ету, сондай-ақ мансаптық өсуді ынталандыратын мотивация жүйесін құру.
«Қор тобы қызметкерлерінің жалпы санындағы әйелдердің үлесі 28% — ды құрайды және 83 мыңнан астам адамды құрайды.

Бұл қордың портфельдік компанияларының өндірістік қызметінің ерекшелігін ескере отырып, ауыр физикалық еңбекпен байланысты өндірісте дәстүрлі түрде «ерлер мамандығы» басым болатын өте жақсы көрсеткіштер. Қордың компаниялар тобында мансаптық өсу үшін тең мүмкіндік тер беруге көп көңіл бөлінеді», — деп атап өтті«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегиялық даму жөніндегі Басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова.

Байқау ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында бірнеше кезеңде өткізілді.

Байқауға Қордың әр портфельдік компаниясынан кәсіби жетістіктері, марапаттары және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 7 жылдан кем емес 5 өндірістік кәсіптің өкілдері қатысты.

Финалға«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының портфельдік компаниялары ұсынған 11 қызметкер өтті.

«Мен бұл сайысқа қатысу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Мен байқаудың барлық кезеңдерінде мені қолдаған «Қазпошта» АҚ барлық әріптестеріме алғыс айтамын. Сондай-ақ жақсы өнер көрсеткен басқа мүшелерге рахмет.

Біз барлығымыз күн сайын қазақстандықтардың өмірі жақсарып, жайлы бола түсуі үшін еліміздің игілігі үшін жұмыс істейміз. Біздің әрқайсымыздың жұмысымыз маңызды.

Қордың бұл үлесті бағалайтыны және осындай іс-шараларды ұйымдастыратыны қуантады», -«Алматы пошта байланысы»АФ басшысы Назима Мурзатаева

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн өтті. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Қоғаммен байланыс және
маркетингтік коммуникациялар
жөніндегі департаменті

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия