jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» Қорының компаниялар тобы жас түлектерді жұмысқа қабылдады

03 шiлде 2019, 9:00

Еліміздің әртүрлі жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған 16 түлек «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялар тобына жұмысқа орналасты. Жастар «Жас өркен» бағдарламасының аясында осындай мүмкіндікке ие болып отыр, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» компаниясының баспасөз қызметі.

«Жас өркен» бағдарламасының жабылау салтанатында сөз алған «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов атап өткендей, бағдарламаға деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Мәселен, 2017 жылы конкурстық іріктеуге 600-ге жуық түлек өтініш берсе, 2019 жылы бағдарламаға қатысуға 4500 адам ниет білдірген. «Жас өркен» бағдарламасының биылғы қорытындысы бойынша 16 студент «Самұрық-Қазына» қорының қоржындық компаниялары, атап айтсақ, «Қазатомөнеркәсіп», «Казпошта», «Эйр Астана» , «Қазақстан Темір жолы» компанияларына жұмысқа қабылданған.

-Самұрық-Қазына компаниясында жұмыс істеу — үлкен мәртебе, сондықтан, өмірлерің жаңа басталып келеді. Сендер сияқты жастардың білімі мен энергиясы елімізге қажет. Осы мүмкіндікті қолдан жіберіп алмай, пайдаланыңдар, — деді Ахметжан Есімов жастарды құттықтай отырып.

Айта кетейік, «Жас өркен» бағдарламасы жастар жылының аясында Қазақстанның жастарын қолдап, дамытуға бағытталған «Жас Самұрық» жобасының аясында өткізіліп жатыр.

Бағдарлама түлегі атану үшін студенттер төрт деңгейлі іріктеуден өтеді. Жас түлектердің қабілетін Қордың және компаниялар тобының басқарушы директорлары, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың тәуелсіз басқарушыларынан құралған конкурстық комиссиясы бағалайды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда