jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» қайырымдылық көмек көрсету рәсімдерін жетілдіреді

27 наурыз 2018, 9:20


«Самұрық-Қазына» қоры қайырымдылық жобаларын өзінің компаниялары қызмет ететін өңірлерге көшіреді. Бұл туралы Қордың басқарушы директоры Әлішер Пірметов «Время» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Қордың топ-менеджерінің айтуынша, «Самұрық-Қазына» әлеуметтік жобаларын қаржыландыру ашық және түсінікті схема бойынша жүзеге асырылады.
«Биылғы және өткен жылғы қаржыландыру көлемі бірдей — жылына 14,9 млрд теңге. Өзгерістері келесідей: «Самұрық» нені қаржыландырады, нені қаржыландырмайды — нақты белгілі болады. Кейінірек бағыттар тізімінжариялаймыз», — деді Әлішер Пірметов.
Оның айтуынша, әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды азайту көзделмейді, бірақ өзара әрекеттесу механизмі өзгереді.
«Жалпы алғанда, 2012 жылға дейін әлеуметтік жобалар бойынша ұлттық компаниялар дербес жұмыс істеген еді, бірақ жалпы түсінік пен тиімділік болмады. Содан кейін барлығы орталықтандырылды. Қазір бұл жобалармен «SamrukKazynaTrust» компаниясы айналысады. Бұл ұйым әлеуметтік жобалармен айналысуды жалғастырады ма — әлі шешілген жоқ, бірақ орталықтандыру принципі сақталып қалады», — деп сөзін жалғады қордың басқарушы директоры.
Ол сондай-ақ, кейбір жобалар қордың қамқоршылар кеңесі арқылы жүзеге асырылатындығын және оның құрамына «құзыретті және тәжірибелі адамдар» кіретіндігінайтты. «Олар бізге өздерінің сараптамалық пікірлерін беруі керек. Бұрынырақ «Самұрық» қайырымдылық ұйымдарының кезекті шығындарын өтеуде олардың коммуналдық төлемдері мен қызметкерлердің жалақысына дейін қайырымдылық түрінде қаржыландырған. Осыған дейінгі «Самұрықтың» қайырымдылық ұйымдарының ағымдағы шығындарын қайырымдылық түрінде қаржыландырғанын көріп, қаржыландыруды 30 пайызға дейін қысқартуға болатындығын түсіндік. Яғни, жылына 10 млрд көлемінде қалдыра аламыз», — деп сөзін қорытындылады Әлішер Пірметов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде