jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» Арыстағы әлеуметтік нысандарды жөндеп жатыр

01 тамыз 2019, 15:38

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Түркістан облысына сапарлап, Арыс және Түркістан қалаларындағы құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Қиын кезде ұлттық әл-ауқат қоры отандастарына көмек қолын созды. Апат салдарынан қалада сегіз мыңға тарта нысан қираған болатын. Солардың арасынан, «Самұрық-Қазына» Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәлірек айтсақ, қордың күшімен 36 балабақша, 17 орта мектеп, 8 медициналық мекеме және тағы бірнеше нысан жөнделеді.

«Бұдан бөлек, Қордың қаражаты есебінен Түркістан облысында 7000 орындық стадион, Яссауи атындағы мұражай, конгресс орталығы және оқушылар сарайы салынып жатыр. Қор Арыстағы нысандарды жөндеуге және Түркістан қаласындағы жаңа құрылыстарға жалпы сомасы 42,2 млрд теңге бөлді», — деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Айта кеткен жөн, 24 маусым күні таңертең Арыс қаласында жойқын апат болды. Қаладағы №44856 әскери бөлімшенің оқ-дәрі сақтайтын қоймасында өрт шығып, артынан қоймадағы қару-жарақ түгел жарыла бастаған. Қалың снаряд қаладағы біраз үйлерді, әлеуметтік нысандарды, жолдарды қиратып кеткен еді.

Арыс қаласындағы апатқа байланысты Қазақстан бойынша «Арыс. Біз біргеміз» атты ауқымды қайырымдылық акциясы басталып, жан-жақтан келген көмектің арқасында қала қалпына келіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде