jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның мемлекеттік сатып алулар платформасын отандық компания әзірледі

28 ақпан 2018, 11:35


«Самұрық-Қазына» қоры сатып алудың жаңартылған жүйесіне ауысады. Цифрлы үрдістер ұлттық компаниялардың сатып алу процесін айналып өтпеді.

Сатып алудың бірыңғай жүйесінің жаңа платформасы соңғы кездері танымалдылыққа ие блокчейн технологияларына негізделмек. Қор өкілдерінің айтуынша, «Blockchain технологиясының ендірілуіжүйеде жүргізілген транзакциялар туралы деректерді тәуелсіз түйіндерге тарату арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компаниялары өткізетін тендерлерге деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді».

Қор 2017 жылы жаңа платформада электронды сатып алудың ақпараттық жүйесін әзірлеу және іске асыру жобасын бастады.

Қор өкілдері ЭСАЖ 2.0 (электронды сатып алудың ақпараттық жүйесі) ендірілуі және одан әрі дамуы «Самұрық-Қазына» АҚ үшін электронды сатып алудың ақпараттық жүйесін толыққанды жүйеге айналдыруға мүмкіндік беретіндігіне сенімді. Бағдарламаны әзірлеушілердің айтуынша, толыққанды жүйе – бұл тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге сұранысты жоспарлаудан бастап, сатып алу, шарттар жасасу және келісім-шарттарды орындауға дейінгі толық циклді жүзеге асыру мүмкіндігі.

Бұдан басқа, өзгерістер процесінде холдинг ішіндегі сатып алулар оңтайландырылды, жабдықтаушыларды алдын ала іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған механизмдер енгізілді.

«Жеткізушілерді алдын-ала біліктілігі бойынша іріктеу енгізілгеннен бері, Қорға бірін-бірін қайталайтын сауалнамалардың көптігі, сондай-ақ алдын-ала біліктілігі бойынша іріктеу процесінің ашықтығы туралы көптеген шағымдар келіп түсті», — деді «Самрұқ Қазына» АҚ Басқарушы директоры Әлішер Пірметов.

Нәтижесінде Қор іріктеу процедурасын жеңілдету бойынша бірқатар шараларды қабылдады. Оның ішінде жеткізушілерге берілген рейтингтерді көрсету, сауалнамалық сұрақтарды азайту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатаршағымдарды қарау үшін апелляциялық комиссия құрылмақ.Оның құрамына«Самұрық-Қазына» қорының «Атамекен» Ұлттық палатасының өкілдері және тәуелсіз аудиторлар кіреді деп жоспарланған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде