jasqazaq.kz

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС ПЕН ТӘЖІРИБЕЛІК КОНСТРУКТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҮШІН КОРПОРАТИВТІК ҚОР ҚҰРАДЫ

26 қараша 2021, 15:38

«Самұрық-Қазына» АҚ ғылыми ізденіс пен тәжірибелік конструкторлық жұмыстар үшін Корпоративтік қор құруды көздеп отыр. Оған Қордың компаниялар тобындағы жер қойнауын пайдаланушылардың өндіру шығындарының 1% жинақталады деп жоспарлануда. Бұл бастама «Самұрық-Қазына» АҚ 2022-2031 ж.ж. арналған Даму стратегиясында айқындалды. Құжат Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қорды басқару Кеңесінің отырысында бекітілді.

«Самұрық-Қазына» АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры Ерлан Дұрмағамбетов атап өткеніндей, Қор ғылыми қоғамдастықпен ынтымақтастықты нығайтып, компаниялардың технологиялық жаңартылуын және инновациялардың енгізілуін қамтамасыз ететін тиімді әрі тұрақты механизмді іске асырмақ. Ол үшін «Самұрық-Қазынада» ғылыми-техникалық бастамалар Орталығы құрылып, Ғылыми-техникалық кеңес жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Қор портфелінде 483 ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр. Тағы 212-сі іске қосылуға дайындық үстінде.

2022 жылы «Самұрық-Қазына» тобы портфельдік компанияларының еншліес кәсіпорындарында кемінде 10 жаңа жобаны сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Олардың саны жыл сайын ұлғайып отырады: 2023 жылы – 20 жоба, 2024 жылы – 30 жоба, 2025 жылы – 40 және 2026 жылдан бастап 50 жаңа жобадан сыналмақ.

Ерлан Дұрмағамбетов атап өткеніндей: «Өндірістік мүмкіндіктерімізді ескере отырып, ғылыми-зерттеу жобалары лабораториядан тікелей зауыт-фабрикаларға сынақтан өткізілуге жіберіледі. «Самұрық-Қазына» Қоры мен мемлекетіміздің ұтатыны – осының арқасында өнімділік артып, табыс көбейеді, жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» ғылыми ізденіс пен тәжірибелік конструкторлық жұмыстар мен инновациялар үшін сарапшылардың кадрлық резервін қалыптастыру шараларын қолға алған. Бұл бағытта міндетті бағдарламалар әзірленіп жатыр. Қордың ғылыми-техникалық бастамалар Орталығы зияткерлік меншік портфелін қалыптастырып, білім мен ресурстарды кәдеге жарату үшін жауапты болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде