jasqazaq.kz

«Самұрық — Қазына» АҚ: Әлеуметтік бастамалар белсенді түрде іске асып жатыр

09 сәуiр 2019, 15:57

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген әлеуметтік бастамалардың барлық бағыттарын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры белсенді түрде іске асырып жатыр. Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына қатысып, атқарылған шаруа жайын баяндады.

Ахметжан Есімов өз баяндамасында Қор тарапынан іске асырып жатқан әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелері жайлы хабардар етті.

Қазіргі кезде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазынаға» кіретін барлық компаниялардың атынан жалпы құны 4,8 млрд.теңге болатын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 15 жобаны жүзеге асырып отыр.

Сал ауруына шалдыққан 1170 балаға тегін оңалту курстары ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы 9000-нан астам жасөспірім Қордың қолдауымен оқу және спорт үйірмелеріне тегін қатысып жүр.

Қазақстанда емделмейтін дертке шалдыққан 100-ге жуық балаға шетелде емделуге қаржылай көмек көрсетілді. 1400-ге жуық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік – тұрмыстық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, еліміздің 11 облысындағы елді мекендерде 41 әмбебап спорт және ойын алаңы орнатылды. 60 коммерциялық емес ұйымның 120 өкіліне қосымша білім және кеңес беру арқылы көмек көрсетіледі, оның ішінде 50 ұйымға өз әлеуметтік кәсіптерін дамытуға қаржылай грант берілді.

«Медициналық пойыздар» жобасы аясында Республиканың алшақ бекеттерінде тұратын 60 000-нан астам адамға биыл білікті дәрігерлер диагностика жасап, ем көрсетеді.

Еске сала кетсек, Елбасының наурыз айының басында, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларының орындалуын талқылау барысында А. Есімов «Оң қаржылық нәтижелер әлеуметтік жобалардың іске асырылуын жалғастырып қана қоймай, Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында олардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді»,-деп атап өткен болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда