jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» 2018 жылы пайданың күрт өсуін түсіндірді

08 сәуiр 2019, 12:34

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті бұдан бұрын хабарлағандай, Қор компаниялар тобының негізгі қызметтен түскен табысы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 35 пайызға өсіп, 8,5 триллионнан астам теңгені құрады. Акционердің (ҚР Үкіметі) үлесіне тиесілі таза пайданың көлемі — 1,1 трлн теңге. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 83 пайыз артық. Аталған көрсеткіштер осы кезеңдегі әлемдік көміртсутегі бағалардың өсімінен әлдеқайда жоғары болып тұр.

Tengrinews.kz тілшісі «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділден осы мәселе бойынша пікірін сұрады.

Е.Жанәділдің айтуынша, қаржы көрсеткіштерінің жақсаруына негізінен Қор менеджментінің тиімділігін арттыру және дамудың жаңа стратегиясын

жүзеге асырудың арқасында қол жеткізілді. Бұл ең алдымен өнім өндірісі мен оның сатылымын ұлғайтуға септігін тигізді.

Айталық, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сату көлемі 15 пайызға, тауар газы 31 пайызға, уран 65 пайызға, жүк айналымының көлемі 7,1 пайызға артты. Бұған қоса, қаржы көрсеткіштеріне әлемдік мұнай бағасының 32 пайызға өсуі де оң ықпал етті.

Қордың топ-менеджері «Бұған қоса, трансформация, цифрландыру бағдарламаларын іске асыру және 2018 жылдың қорытындысы бойынша сатып алудан 104,2 млрд теңге үнемдеудің де оң ықпалы болды. Пайданың негізгі үлесі — 72 пайызы, сатып алу барысындағы үнемдеуден, ал 26 пайызы трансформация бағдарламасын жүзеге асырудың есебінен», — деп атап өтті.

Сонымен бірге алынған дивиденд көлемі 2 есе өсіп, 296 млрд теңгені құрады. Компаниялар тобына тиесілі қарыздың көлемі 1 трлн теңгеге азайды. Сыртқы қарыз 4 млрд АҚШ долларына қысқарды.

Қор кірісінің өсімі (ROE) 8 пайызды құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға артық. Сөйтіп, Temasek Holdings (Сингапур) немесе Future Fund (Австралия) сияқты халықаралық қорлардың деңгейіне жетті.

Экономист Расул Рысмамбетов «Ұлттық әл-ауқат қоры активтерінің өсуі қуантады. Жағымды динамика, капитал табыстылығының өсімі бар. Демек мемлекеттің қосымша қоржыны бар. Таза пайданың 83 пайызға өсімі аздап таң қалдырды. Тым үлкен көрсеткіш. Бұл алдыңғы жылдардың күрделі болғанын көрсетсе керек. Мұны жақсы жаңалық деп жарияласақ та, бұл ел экономикасындағы мемлекет үлесінің көбейгенін көрсетеді. Демек шағын және орта бизнестің үлесі азайды», — деді.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айында, яғни «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жаңа басқарма төрағасы тағайындалған соң, ел Президенті Қордың 2018-2028 жылдарға арналған жаңа стратегиясын бекіткен болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда