
Әлеуметтік желілерге Алматы қаласының Саяхат автовокзалындағы самса сататын дүңгіршектің видеосы тарады. Онда бір тышқанның самсаларды аралап, емін-еркін жүгіріп жүргенін көруге болады, деп жазды paryz.kz.
«Жігіттер, Саяхаттан самса жемеңдер! Тышқан жүр. Бағана «крыса» жүрген. Қарашы, не мынау?! Мына самсаны жейміз ғой біз», — дейді видеоны түсіріп тұрған жігіт.