jasqazaq.kz

«Samruk-Kazyna Trust» Қоры қайырымдылық туралы жылдық жария есепті шығарды

21 мамыр 2019, 11:21

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мүдделі тараптардың өкілдеріне – акционерлерге, серіктестерге, БАҚ өкілдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының өкілдеріне 2018 жылғы Жылдық жария есепті таныстырды. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Trust» Қорының корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.

Жылдық жария есеп – Қордың өткен жылғы қызметі туралы баяндайтын есептіліктің ерекше түрі. Ыңғайлы болуы үшін жылдық есеп бірнеше тараулар мен бөлімдерге бөлінген, олардың арасында Қордың өзі, ұйымдастыру үлгісі, қайырымдылық жобаларын бекіту тәртібі, жобалардың нәтижелері, сондай-ақ көмек алған адамдардың тарихы туралы толық ақпарат бар. Жылдық жария есеппен Қордың sk-trust.kz сайтында жылдық есеп бөлімінде немесе тікелей сілтеме арқылы https://is.gd/6g8ZN2 танысуға болады.

«Жылдық есеп Қор жұмысының мағыналық толықтырылудан, негізгі іс-шаралардың мазмұнынан және олардың нәтижелерінен, статистикадан, сандардан, ақпараттық графикадан және т.б. тұрады. Біздің мүдделі тараптар — бұл «Samruk-Kazyna Trust» жұмысына мұқият қарайтын жан-жақты аудитория», – деп атап өтті Қордың бас директоры Әзбергенов Дияс. – есеп Қор жұмысының нәтижелері туралы ғана емес, адамдардың нақты оқиғалары туралы да көрініс беретіні бірнеше рет атап өтілді.

«Азаматта Мебиус синдромы деп аталатын өте сирек ауру бар. Басқаша айтқанда, бұл беттің толық салдануы. Дәрігерлердің болжамы бойынша, ол өмір бойы мүгедек болып қалуы тиіс еді. Бірақ Қор жобасының арқасында Азамат емдеу курсын бастады. Қазір оның мимикасы пайда болады, соның есебінен бала еріндерін қимылдата алады, сөйлеуі жақсарып, күлімсірей алады», — «Samruk-Kazyna Trust» Қорының жылдық есебінде көрсетілген көптеген оқиғалардың бірінде атап көрсетілген. Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон арқылы: + 7 (7172) 57-66-02, e-mail: pr@sk-trust.kz хабарласыңыз.

«Samruk-Kazyna Trust»

Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Корпоративтік коммуникациялар департаменті

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда