jasqazaq.kz

«Samruk-Kazyna Trust» қоры дәрігерлер мен мұғалімдерге мерекелік көңіл-күй сыйлайды

22 наурыз 2022, 15:02


Наурыз мерекесіне орай «Samruk-Kazyna Trust» қоры ерекше балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың өмірін жақсартуға көмектесетін дәрігерлер мен мұғалімдерді құттықтады. Оларға «Астана Балет» қойылымына билеттер сыйға тартылды.

Әлеуметтік сала қызметкерлері күн сайын адамдарға көмектесуге және қоғамға пайдалы болуға тырысады. Дәрігерлер, мұғалімдер, жаттықтырушылар — олардың бәрі күн сайын ерлік жасайтын батырлар. Мамандар балаларды өздігінен жүруге, сөйлеуге, тамақтануға үйретеді, сонымен қатар оларға жаңа хобби мен дағдыларды үйретеді.

Қор қызметкерлері «Samruk-Kazyna Trust» қолдау көрсететін түрлі коммерциялық емес ұйымдар мен жобалардың мамандарын құттықтады.

Оның ішінде «Замандас» отбасылық аула клубтары — жоба аясында 3000-нан астам бала жыл бойы спорттық және шығармашылық үйірмелермен тегін айналысады.

Сондай-ақ, бұл «Саламатты болашақ» бастамасы. Жобаның аясында бүкіл Қазақстан бойынша 700-ден астам ерекше бала еліміздің 16 қаласында бейімделген спортпен шұғылданады. Мамандар алдағы күндері өтетін қойылымға бара алады.
Олардың айтуынша, бұл кез-келген жұмыста, әсіресе әлеуметтік саладағы қызметкерлер еңбегіне берілген үлкен сый-құрмет болып табылады.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр