jasqazaq.kz

Самокат теуіп келе жатқан үш жасар баланы көлік қағып кетті

18 сәуiр 2022, 19:58

Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар баланы көлік қағып кетті. Бұл туралы    Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің аула аумағымен келе жатып, солға бұрылар сәтте самокатпен келе жатқан 2019 жылы туған баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

«Биылғы жылдың басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, мерт болғандар жоқ»,-делінген хабарламада.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр