jasqazaq.kz

Самоада қызылшадан көз жұмғандар саны артып келеді

09 желтоқсан 2019, 11:29

Самоада қызылша эпидемиясынан қаза болғандар саны 70 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат RNZ.co.nz сайтына сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметі бойынша, соңғы 24 сағатта індеттен 2 адам қайтыс болған. Көз жұмған 70 адамның 61-і төрт жасқа дейінгі балалар. Жексенбі күні аралдық мемлекеттің үкіметі Самоа тұрғындарының 90% екпе алғандығын мәлімдеді. Үкіметтің мәлімдемесіне қарамастан, соңғы тәулікте қызылшаны жұқтырудың 112 оқиғасы тіркелді. Осылайша, қазан айынан бастап қызылшамен ауырғандар саны 4700-ге жетті. 159 адам ауруханаларда жатыр, олардың 16-сы ауыр хәлдегі балалар. Агенттіктің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшылығы қатерлі эпидемиямен қалай да күресу үшін бейсенбі және жұма күндері елден шығуға және кіруге тыйым салды. Екі күн ішінде медицина қызметкерлері үйлерге барып екпе жасады. Қызылшаға қарсы вакциналарды Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Франция және тағы да басқа елдер ұсынған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда