jasqazaq.kz

Самат Әбіш қызметінен босатылды

17 қантар 2022, 12:30

Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 14 қаңтарда комитет Самат Әбіштің еңбек демалысында екенін мәлімдеген еді. «Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Үстіміздегі жылғы 13 қаңтардан бастап ол жыл сайынғы демалысында» делінген хабарламада. Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен РФ Сыртқы барлау қызметі академияларын бітірген. 2000-2006 жылдары – ҚР ҰҚК органдарында офицерлік құрамындағы қызметте болды. 2006-2008 жылдары — ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 2008-2010 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2010-2013 жылдары — ҚР ҰҚК Кадрлар департаментінің бастығы, Астана бойынша департаментінің бастығы. 2013-2015 жылдары – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде – 2015 жылғы желтоқсаннан бері.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр