jasqazaq.kz

Самара – Шымкент тасжолында бірнеше жүк көлігі тоқтап қалды

11 қараша 2021, 11:45

Ақтөбеде қар жауып тұр. Самара – Шымкент тасжолында бірнеше жүк көлігі тоқтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Самара – Шымкент тасжолының 834-і шақырымында бірнеше жүк көлігі тоқтап қалды. Салдарынан көлік кептелісі пайда болды. Арнайы қызмет жолға құм шашты.

«Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолдарда аса мұқият болуға шақырады. Қар жауды, демек жолда қауіп күшейе түседі. Жүргізушілерге жылдамдықты алдын ала төмендету, қозғалыстың қауіпсіз режимін таңдау маңызды. Ауа райы жағдайлары мен жүріс бөлігінің жай-күйін ескере отырып, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде аса мұқият болуы тиіс»,– деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр