jasqazaq.kz

Самал Еслямова ресейлік киноакадемияның Ника сыйлығына ие болды

26 сәуiр 2021, 11:22

Қазақстандық актриса Самал Еслямова қоржыны кезекті марапатпен толықты. 2018 жылғы Канн кинофестиваліндегі ең мықты әйел рөлі номинациясында басты жүлдені еншілеген отандық актрисаға енді Ника сыйлығы да бұйырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Еслямова басты рөлде ойнаған «Айка» фильмі әлі де марапаттарға ие болуда. Бұл жолы ресейлік киноакадемияның Ника сыйлығын ұтып алды. Әрине, ең мықты әйел образы үшін.

«Мен Мәскеуге бара алмадым. Мен үшін сыйлықты фильмнің екінші режиссері, актер Вячеслав Агашкин алды. Слава болмаса, бұл фильм сәл өзгеше болар ма еді?.. Ол жүгіріп жүріп, түсірілім орындарын, артистерді өзі тапқан өте еңбекқор адам. Мен тағы бір рет «Айка» фильміндегі барлық әріптестеріме рахмет айтқым келеді, — деп атап өтті Самал Еслямова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Самал Еслямова (@samal_yeslyamova)

«Айка» — режиссер Сергей Дворцевтің 2018 жылы тжарық көрген драмалық фильмі. Бұл фильм 2018 жылы мамырда 71-ші Канн кинофестивалінің басты байқау додасына ұсынылып, онда Самал Еслямова «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.

10 қарашада басты рөлде қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнаған «Айка» фильмі Котбусте (Германия) өткен 28-ші Халықаралық кинофестивалдің Гран-при иегері атанды. Бас жүлдеге 40 елден 190 кинокартина өзара бәсекеге түсті. Гран-приден басқа «Айка» фильмі қазылар алқасының жүлдесімен де марапатталды.

26 қараша 2018 жылы «Айка» Токио кинофестивалінде Filmex кино фестивалінің Гран-приін жеңіп алды.

2018 жылдың 17 желтоқсанында Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі «Үздік шет тіліндегі фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығы тізіміне енген. Ол кезде фильм Қазақстан атынан ұсынылған [5], бірақ, режиссердің айтуы бойынша, промоушенге ақша жетпей қалғандықтан, ол номинанттардың қатарына ілінбеген.

Бұл кино Ресейде 2019 жылдың 14 ақпанында прокатқа шықты.

2019 жылдың наурыз айында Гонконгта Asian Film Awards академиясы Самал Еслямоваға «Айка» фильміндегі рөлі үшін «Азияның ең мықты актрисасы» жүлдесін берді. Бұл жүлдені «Азияның Оскары» деп те атайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия