jasqazaq.kz

Самал Еслямова: Қазақ қызымын ашық-шашық киінуді ұнатпаймын

23 мамыр 2018, 17:11


Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді сомдап, 71-ші Канн фестивалінде «ең үздік әйел рөлі» номинациясын иеленген Самал Еслямова өзінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі туралы айта келе, ашық-шашық кадрлерге түсуге қатысты өз пікірін білдірді.

NUR.KZ. хабарлағандай, «Еліме, халқыма ризашылығымды білдіремін. Бірнеше күннен бері толассыз құттықтаулар түсіп жатыр. Халқымның ықыласын сезіп жатырмын, мың да бір рахмет, — деп сөз бастаған Самал Еслямова Астанада өз өмірі және кино жайлы журналисттерге қысқаша айтып берді.
«Мен өзім Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында тудым. 11 жыл бойы қазақ мектебінде білім алдым. Анам орыс тілді болғандықтан, мені орыс мектебіне бергісі келді. Бірақ мен алты жаста болсам да, қазақ мектебіне барамын деп бой бермедім. Әкем «өзім көмектесемін, қазақ мектебіне бара берсін» деді. Мектепті тәмамдаған соң Петропавлдағы өнер колледжіне оқуға түстім. Оқып жүріп, қазақ театрында қосымша жұмыс істедім», — деді актриса.
Самалдың айтуынша, ол қазақ қызы болғандықтан, ашық-шашық киінуді талап ететін фильмдерді ұнатпайды.
«Развод Надера и Симин» атты ирандық фильм қатты ұнайды. Менің де әр рөлін сүйіп тамашалайтын сүйікті актерлерім бар.
Әрине, мен қазақ қызымын. Өзім де ашық-шашық киініп жүретін фильмдерді ұнатпаймын. Алайда егер фильмнің шынайы шыққанын қаласаң, образды алып шығу керек болса, шектен шықпай ойнап шығуың керек», — деп жауап берді актриса.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді