jasqazaq.kz

Самал Еслямова Анталиядағы кинофестивальде үздік актриса атанды

06 қазан 2018, 15:36

Қазақстандық Самал Еслямова 55-ші Анталия Халықаралық кинофестивалінің үздік актрисасы атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Британдық кинорежиссер Майк Дауни басқаратын фестивальге биыл он фильм ұсынылды, оның ішінде түрік кинематографистерінің екі туындысы болды. «Үздік актриса» номинациясында «Айка» фильмінде ойнаған Самал Еслямова жеңіске жетті. «Үздік актер» сыйлығына «Капернаум» фильмінде рөл сомдаған Зеин әл-Рафеа ие болды. «Үздік фильм» номинациясында Иран режиссері Джафар Панахи және оның «Үш келбет / Three Faces» фильмі жеңіске жетті. Сыйлықты режиссердің орнына қызы алды, себебі ол үй қамауында отыр. Биыл фестивальге ұсынылған фильмдерді 34 мыңнан астам көрермен тамашалады. Еске сала кетейік, биыл мамырда 71-ші Канн кинофестивалінде Самал Еслямова үздік актриса атынды. «Айка» әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: «Кинодвор» атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді