jasqazaq.kz

Салықтан жалтарған Ерке Есмахан мен Ернар Айдардың ісі сотқа берілді

07 желтоқсан 2017, 14:41

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемеген шоу-бизнес жұлдыздарын сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында көлік салығын төлемегендер бар. Жұлдыздар 400 мың теңгеден аса салық төлемеген. Атап айтқанда, әнші Ернар Айдар — 205,1 мың теңге, Рано Умарова — 88,8 мың теңге, Жеңіс Ысқақова — 73,2 мың теңге,Ерке Есмахан 41,1 мың теңге берешек. «Бұл азаматтарға қатысты іс материалдары жинақталып, сот органдарына берілді. Сот органдары қарызды өндіру туралы үкім шығарды», — деді баспасөз қызметінен. Салық қарызы туралы ақпаратты электронды сервис арқылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан көруге болады. Қалалық департамент 31 желтоқсанда 2017 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап көлік салығы төлеушінің тұрғылықты жері бойынша төленеді. 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы мәлімет бойынша 90 мың Алматы тұрғыны 4,2 млрд теңге қарыз. Оның ішінде 19213 борышкердің ісі сотқа жіберілді. 3 653 адамға шетелге шығуға тыйым салынды. 2849 адамның мүлкіне тыйым салынды.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды