jasqazaq.kz

Салықтан жалтарған екі компания әшкереленді

03 ақпан 2020, 16:44

Қарағандыда жалған шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің қаржы мониторинг комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «STOP ОБНАЛ» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. «Нәтижесінде бірқатар заңды тұлғалардың атынан нақты орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауарларға жалған шот-фактура жазумен заңсыз айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Қазіргі уақытта «TerraStyleKAZ» және «АзимутИнвест» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұйымдасқан топтың бақылауындағы екі заңды тұлға қызметінің қаржы айналымы — 5,7 млрд теңге. Салық төлемеуден мемлекетке келген шығын көлемі – 1,7 млрд теңге» делінген хабарламада. Аталған қылмыс бойынша мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия