jasqazaq.kz

Салық төлемегендердің көліктері айып тұрағына қойылады

26 қараша 2019, 11:16

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті құзырлы органдармен көлік салығын төлемей жүрген азаматтарға рейд ұйымдастырды. Шара барысында 200-ге жуық жүргізушіден салық өндіріліп, 15 автокөлік айып тұрағына қойылды.

Рейдтік шаралар Алматы облысының оңтүстік аймағында жүргізілді. Атап айтқанда, Құлжа, жоғары Талғар, Алматы-Бішкек тас жолының 19 шақырымы және жоғары Қаскелең тас жолдарындағы көліктер тексерілді. Екі күнде қызметкерлер 15 млн теңгеден астам көлік салығын өндірді. 198 көлік жүргізуші берешегін тоқтатылған жерде өтесе, салықты өрескел төлемей жүрген 15 азаматтың көлігі айып тұрағына жеткізілді. Әрбір автокөлік иесіне көлік салығын төлеу бойынша салық заңнамасының нормалары түсіндірілді. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын еске салады.

 ҚазАқпарат 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда