jasqazaq.kz

Салық берешегін қалай білуге болады?

26 қыркүйек 2019, 10:21

Мемлекеттік кірістер комитеті өңірлеріндегі салық кеңесшілерінің байланыс нөмірлерін жариялады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Жіберілген SMS-хабарламада жеке тұлғалардың шоттарында қалыптасқан берешек және артық төлемдер сомалары қоса көрсетіледі. «SMS хабарламалар» тарату қызметі пилоттық режимде жеке тұлғаларды салық міндеттемелері туралы уақтылы хабардар ету мақсатында іске қосылды. Бұл үрдіс құзырлы органдардың ақпараттық жүйелер мен деректер қорының бірігуінің арқасында іске асырылды», делінген хабарламада. Комитеттің мәліметінше, SMS хабарлама жеке тұлғаларға салық міндеттемелері туралы ескертпені жедел жеткізеді. Оның тағы бір артықшылығы – бұл қызмет барлық ұялы телефондарды пайдаланушыларға қолжетімді. Осындай хабарлама Kaspi Bank мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі. Салық органдары 2018 жылға есептеген және 2019 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төленуі тиіс салық сомасы (мүлік салығы және жер салығы) туралы хабарламаны азаматтарға коммуналдық қызметтерді жеткізуші курьерлік қызметі арқылы да жібереді. Сондай-ақ, хабарламалар ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» қызметін пайдаланушыларға электронды түрде жіберіледі. Жеке тұлғалар 2018 жыл үшін жер және мүлік салықтары бойынша ақпаратты «Egov» порталының «Салық және қаржы» бөлімінің «Жеке тұлғалардың алдағы төлемдерін көру және төлеу» қызметінде, kgd.gov.kz сайтындағы «Барлық қызметтер» бөліміндегі «Мемлекеттік кірістер органдары есеп жүргізетін алдағы төлемдер мен берешектің жоғы (бар) туралы ақпарат» бойынша алады. Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына шағымдануға немесе 1414 нөміріне сағат 09:00-18:30 аралығында хабарласып, Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен байланысқа шығуағ мүмкіндік бар. Айта кетерлігі, жеке тұлғалар кез-келген ыңғайлы жолмен салық төлей алады: Екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен, банкоматтар мен төлем терминалдарында банк картасын қолдана отырып www.kgd.gov.kz сайтындағы электронды қызметтер бойынша төлеуге болады. Анықтама алу үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының ақысыз нөміріне — 1414 жүгіне алады. Еске сала кетсек, мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық департаменттерінде анықтама бере алатын мамандар анықталды. Олардың байланыс нөмірлерін мына сілтемеден білуге болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық