jasqazaq.kz

Салық берешегі бар жеке тұлға нені білуі керек?

18 қыркүйек 2019, 18:10

Салық берешегі бар азаматтар 20 мың теңге айыппұл төлейді деген ақпарат жалған. Мемлекеттік кірістер комитеті қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын биылғы 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20 000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды», делінген хабарламада. Комитеттің мәліметінше, жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін биылғы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі. «Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі. Сондай-ақ, жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады», делінген хабарламада.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді