jasqazaq.kz

Салтанат Бақаева қаламақы төлемеді деген ақынға жауап берді

09 тамыз 2018, 16:52

«Әгугай, құрбым» әнінің авторы Назерке Семей әнші Салтанат Бақаеваның өзіне қаламақы төлемегенін жазып, ренішін білдірген болатын. Алайда, Салтанат әніне ешкімнің сөзін ұрламағанын айтып, мұндай қадамға ақын қыз қызғаныштан барып отыр дейді.

«Ата-анамның «біреудің ала жібін аттама» деген сөзімен өскен қызбын, еш уақытта біреудің келісімісіз әнін, не сөзін пайдаланып ән айтқан емеспін. Бүгінгі Назерке Семейдің ғаламторға жіберген видеосы төбеме су сепкендей болды. Шыны керек, жас ақын қыздардың ішінде өзіме қатты ұнайтын ақындардың бірі. «Әгугәй, құрбым» атты әнімнің сөзін жазған Назерке. Сөзін тегін жазып беруге келісіп, енді араға 3-4 жыл өткен соң осындай дау шығарып «ақша төлемедің» деп жатқаны мен үшін таңғаларлық жағдай болды. Ақшасын сұраса, мен келісіп, не келіспей әйтеуір бір мәмлеге келетін едік. Бірақ, мен ән сөзінің авторы Назерке болғандықтан бүкіл теледидар, радиода авторын мақтанышпен айтып, жазып отырамын!» – дейді ақынның өзіне кінә таққан әнші.

Сондай-ақ, Салтанат ол уақытта жағдайы болмағандықтан Назерке Семейге 50 мың теңге бере алмағынын айтты.

«Біраз уақыт өткен соң келесі әнімнің сөзін жазса екен деген оймен тағы xабарластым, бұл жолы 50000 теңге деді, шыны керек сол сәтте әлі тұрақталмаған, жаңадан жеке әнші ретінде шығып келе жатқан шағым болатын. Мен 20000 теңгеге келісуін өтіндім. Бірақ келіспеді. Оның үстіне Дулат Құйқыс есімді ақын сөзін тегін жазып берейін деп ұсыныс тастаған соң, сол кісінің сөзімен «Әдемі-ай» атты әнімді шығардым! Назеркенің бұл бәлкім қызғаныштан туған ойы болар. Өз басым қатты ұялып отырмын!», – деп жазды Салтанат Бақаева өз Instagram-парақшасына.

sn.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық