jasqazaq.kz

Салмағы 190 келіге жуық жүкті әйел аман-есен босанды

20 мамыр 2020, 15:40

Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық перинатальдық орталығында салмағы 189 келі жүкті әйелге кесарь тілігі отасы жасалды. Бұл туралы облыстық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

Көпбейінді облыстық ауруханасының мәліметінше, әйелдің салмағының ауырлығына және жанама дертінің болуына байланысты анестезиологиялық және хирургиялық процедураларды қолданып жедел босандыру кезінде техникалық қиындықтар болған. «Осы отадан кейін асқыну қаупі болатындықтан бұл аса күрделі ота болып саналады. Дегенмен бригада жүктелген міндетті абыроймен орындады. Ота сәтті өтті. Ана мен баланың жағдайы тұрақты», — деді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаров. Алдағы уақытта бәрі ойдағыдай болса ана мен бала үйіне қайтарылады.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі