jasqazaq.kz

«Салмағы 10 тоннадан асады». Қытайда метеорит құлады

24 желтоқсан 2020, 13:39

Қытайда метеориттің құлаған сәті видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайдың сейсмологиялық орталығы 23 желтоқсанда таңертең Цинхай провинциясында метеориттің құлағанын тіркеген.

Кенхи университетінің профессоры Евгений Зубко Цинхай провинциясына құлаған метеорит радиусы бір метрге дейін және салмағы шамамен 10 тонна болуы мүмкін екенін айтады.

«Метеориттің құлауы сирек болатын құбылыс емес. Астероид фрагменттерінің, кометалардың ядроларының және үлкен планета спутнигі де (мысалы, Ай) құлауы мүмкін. Бұл үлкен объект болуы ықтимал. Атмосфераға кірген кезде метеорит 3-4 мың градусқа дейін қызады, жарқыл пайда болады. Оны көзбен көруге болады.

Бұл нысанның радиусы шамамен 1 метр, демек оның салмағы 10 тоннадан асады. Бұл — өте ірі нысан. Мұндай мөлшердегі метеориттің құлауы сирек кездеседі», — дейді Зубко.

Ғалымның айтуынша, метеориттің құлаған сәтін көптеген адам видеоға түсіріп алған. Ол метеориттер көбіне мұхитқа немесе адам қоныстанбаған аумаққа құлайтынын атап өтті.

«Болид айтарлықтай ұзақ жарқырады: шамамен 30 секунд. Ол тік емес, көлбеу бұрыш жасап көкжиек бойымен түсті. Метеорит тік құласа, ол үш секунд ішінде бүкіл атмосфераны айналып өтер еді. Оның қайда құлағанын анықтауға болады», — дейді профессор.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия