
Әлеуметтік желіде біртоп сақалды жігіттер далада суға шомылады. Шамамен оншақты адам. Қауға сақалды олардың бір-бірімен «уағалейкумуәссалам» деп мұсылманша амандасқандарынан және суға түсерде «Біссмиллә», «Машалла» деуінен, суға әурет жерлерін көрсетпей шалбармен түскендерінен бұ азаматтардың ислам дінін берік ұстанатынын байқауға болады.
Видео-таспадан байқағанымыздай, жігіттердің дені отызды еңсерген. Тіпті, арасында әппақ шашты һәм сақалды ел-ағасын да байқауға болады. Басқасы-басқа дін жолындағы азаматтардың өзі суға шомылу (крещение) рәсімін орындау ислам дініне қарсы екенін білмегені ме?