jasqazaq.kz

Сақалды жігіт полицейді ұрды. Видеоның мән-жайы белгілі болды

13 тамыз 2018, 16:58

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері екі ер адамның полицияға қарсылық көрсеткені түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода екі ер адамның полицейлерге әлдене түсіндіргісі келетінін көруге болады. Кенет ер адамдардың бірі ашуланып, қызметкерге соққы жасай бастайды. Оқиға Ақтөбеде болған. Облыстық ІІД өкілдері видеоның 2018 жылдың шілдесінде түсірілгенін хабарлап отыр. Полиция мәліметінше, жасақ екі ер адамның құжаттарын тексермек болған. «Ағайынды бауырлар есірткі қолданады, наркодиспансерде есепте тұр. Олар полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды, екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Полиция жасағы олардың құжатын тексергісі келген, олар есірткіге мас болған», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді