
Бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жаңа қызметке келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Жасұзақов Сәкен Әділханұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды», — делінген Ақорданың хабарламасында. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рыспаев Асхат Наурызбайұлының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылғаны айтылады.