jasqazaq.kz

Сәкен Майғазиев WhatsApp-тан жаман видеоларды таратпауды өтінді

30 наурыз 2018, 10:55

Үнемі өзекті мәселелерде өзінің азаматтық позициясын білдіріп жүретін «МузАрт» триосының мүшесі Сәкен Майғазиев мереке қарсаңында тамаққа таласқан халықтың видеосына қатысты пікірін білдірді. Оның ойынша, мұндай көріністер қазақты басқаларға мазақ етеді. Осы орайда әнші есті ағайынды «есерсоқ» фото мен видео таратпауға шақырды. 

«Ассалаумағалайкум, ардақты ағайын! Кешеден бері WhatsApp желісі арқылы таралып жатқан масқараны бір-бірімізден сүйінші сұрағандай, жерден жеті қоян тапқандай жаhанға жар салып, жарыса жариялап жатқанымыз жүректі ауыртады. (Хайперлердің «еңбегінің жемісі» ) Өзге ұлт өкілдеріне әбден күлкі болдық-ау! Айталық, наурыз мейрамы күні дастарқаннан сарқыт жинап жатқан ағайынды күлкі қылып, whatsapp, instagram, Fecebook желілеріне тараттық. Не үшін? Қазақты мазақ қылу үшін бе?! Бүкіл наурыз мейрамы бойы көзге ілінетін бір жақсылық, игі шара көрмедік пе?! Таратылып жатқан зиянды суреттер мен видеоларды жарияламауларыңызды, басқаларға таратпауларыңызды өтініп сұраймын. Мәселен, маған бір пайдасы жоқ видео келсе, дереу өшіріп тастаймын. Жамандыққа жәрдемші болу, күнәні көпке тарату күнәнің «атасы» екенін білейік. Телефондарыңыздағы барлық жаман видеоларды Алла разылығы үшін өшіріп тастауларыңызды сұраймын. Әсіресе, көпшілік көрсін деген мақсатпен instagram, youtube желілеріне жариялаған жандарды ұлт дұшпаны деп санаймын. Өрескел қателікке ұрынған адамның не, балалардың орнына өзіңізді, ата-анаңызды, бала-шағаңызды қойып көріңізші. Шыбын сасыған тезекке, ал бал арасы жұпар иісті гүлге қонады (құмар болады). Сіз де өз таңдауыңызды жасаңыз. Алла бәрімізді кешірсін!», – деп жазды әнші өзінің Instagram-парақшасына.

sn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде