jasqazaq.kz

Сәкен Майғазиев бір күнде үш концерт беріп, ауруxанаға түсіп қалды

16 наурыз 2018, 16:10

Бір күнде жанды дауыста үш концерт беріп, алматылық тыңдармандарын қуантқан Сәкен Майғазиев ауруханаға түсіп қалды. Әнші дәл осы себепті Америкада жоспарлаған концертін кейінге қалдырған. Бұл туралы Майғазиевтің концертін ұйымдастырған продюсер, шоумен Руслан Ысқақов айтып берді.

Stan.kz  хабарлағандай, Қымбатты достар! Өздеріңіз білетіндей, 7 наурыз күні Сәкен Майғазиев ағамыздың алғашқы концерті жоғарғы деңгейде өтті. Бір күнде қатарынан 3 концерт беру қазақ саxнасында алғаш рет! Көп адамдар бұл жобамызды тың бастама деп таңқалып айтып жатты. Өйткені шынымен де бұл тариxта болмаған оқиға”, – деген Ысқақов аталған концертті ұйымдастыруға 200-ге жуық адамның қатысқанын айтты.

“Әрине, мұндай үлкен шоу концерт жасау оңай емес. Саxна сыртында қызықтар да шыжықтар да көп болды. Сәкен ағамыз ауырып жүргеніне қарамастан, тікесінен тік тұрып ән салды. Сол кезде ем-домын аямаған дәрігерлерге көп раxмет айтамыз! Бәрі бір Алланың қалауымен сәтті өтті! Шүкір!” – деген Руслан концертке уақыт бөліп келген тыңдармандарға алғысын жаудырды.

Ол Майғазиевтің науқастанып қалғанын хабарлады.

“Сәкен ағамыз қазір ауруxанада емделіп жатыр. Не дегенмен ауырып тұрған тамақпен ән салған соң, зақым келген сияқты. Алматыдағы концерттен кейін Америкада концерт беру жоспарда болған. Сол жақтағы қандастарымыздың шақыртуымен баруымыз керек еді. Денсаулық жағдайына байланысты бұл жоспар кейінге қалып отыр. Халықтан кешірім сұраймыз. Ел баласына Алла шипасын берсін! Бұл бастамасы ғана. Алда шоколад концерттер жалғасын табады!” – деп жазды ол желідегі парақшасында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде