jasqazaq.kz

Сәкен Бибосыновқа су жаңа көлік сыйлады (Видео)

10 тамыз 2021, 10:03

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Түркістан қаласына ұшып келді. Әуежайға жиылған жұрттың спортшыға деген ықыласы ерекше. Күтіп алушылардың арасында облыс басшыларынан бастап, спортшының алғашқы бапкері мен анасы да болды.

Сәкенге жерлестері, яғни сайрамдық кәсіпкерлер су жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Олимпиада жүлдегері жанкүйерлерімен суретке түсіп, өз ойымен бөлісті. «Барлық кездесу оңай болған жоқ. Өздеріңізде көрдіңіздер, бар күш-жігерімді салдым. Соңына дейін жұдырықтастым. Бірақ бақ шаппады. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым», деді. Айта кетейік, Сайрамдық боксшы Токиода өткен олимпиада ойындарында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған болатын. Ол Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероадан айласын асырса, екінші кездесуінде француз былғары қолға шебері Билал Беннамды жарыс жолынан ығыстырды. Ал үшінші жекпе-жегінде испаниялық Габриэль Эскобарды 3:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда британиялық Джалал Яфайға есе жіберіп, Токио олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Сәкен Бибосынов, Токио олимпиадасының қола жүлдегері:

– Қазақтың әнұранын шырқатып, Қазақстанға алтын медалмен ораламын деген мақсатпен барғам. Кішкене өкініш болды. Әттең ол мақсатқа жете алмадым. Бұл мен үшін үлкен бір жетістік. Келесі олимпиадада алтынмен қуантамын деген мақсат бар. Биыл Токио қола болды, Париж 2024 алтын болады деп үміттенемін.

Мырзағали Айтжанов, С.Бибосыновтың бапкері:

– Сәкен осы олимпиадада нағыз бабында болды. Қазақ елінің үмітін ақтады деп ойлаймын. Алтынға лайық өнер көрсетті. Бірақ бұйырмады, қола медальмен елге келдік.

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Шымсайд (@dudoser)

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия