jasqazaq.kz

Сәкен Бибосынов: «Халқымнан кешірім сұраймын, барымды салдым»

05 тамыз 2021, 15:19

Бокстан 52 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Сәкен Бибосынов жартылай финалдық жекпе-жектен соң сұхбат берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Журналистер алдына шыққан Сәкен көпке дейін өз-өзіне келе алмай, көз жасына ерік берді. Тек бапкері Мырзағали Айтжанов пен БАҚ өкілдерінің қолдауынан соң Бибосынов бүгінгі жекпе-жек жайлы пікірін айтты.

«Токио Олимпиадасына алтын аламын деп келгенмін. Бірақ қола жүлде бұйырып тұр екен. Жанкүйерлерді, қазақ халқын алтынмен қуантып, Токио төрінде әнұранымызды ойнатуды басты мақсат еттім. Өкінішке қарай, ол арманыма жете алмадым. Бар күш-жігерімді салдым. Соңына дейін жұдырықтастым. Бірақ сәттілік жетпеді. Барша жанкүйерден, барша халықтан жеңілгенім үшін кешірім сұраймын. Бірінші раундты қарсыласқа беріп қойдым, қалған екі раундта аянып қалмадым”, – дейді боксшы.

Бұған қоса, ол жүлдесін қарындасына арнайтынын жеткізді.

“Бапкерлерім бірінші кезеңнен соң 5:0 ұтылып жатқанымды айтқан соң одан сайын алға бастым. Енді қола жүлдені қанағат тұтамыз. Бұл менің бірінші Олимпиадам. Тіпті Токиоға бара алмай қалуым да мүмкін еді. Жолдаманы ең соңғы сәтте жеңіп алғанымды білесіздер. Сондықтан бәріне қанағат. Бапкерімді, халқымды қуантқым келген. Бұйырғаны қола екен. Жүлдемді барша қазақстандықтарға арнаймын. Осы Олимпиадаға келген соң туған ағам қызды болды. Жеңгем босанды. Айлин деген кішкентай қарындасыма да осы медалімді арнаймын», – дейді Бибосынов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия