jasqazaq.kz

Сәкен Бибосынов алтын жеңіп алды

07 қараша 2021, 9:15

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәкен Бибосынов (51 келі) финалда АҚШ-тан келген Роско Хиллмен қолғап түйістірді. Алғашқы екі раундта төрешілер Сәкеннің басымдығын мойындап, оның жеңгеніне қолдау білдірді. Жалпы нәтижеде Сәкен қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Сәкен бұдан бұрын 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді. Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) алтын алса, Махмуд Сабырхан (54 келі) күміс жүлдегер атанды. Ал ел құрамасынан жартылай финалда Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзаваға есе жіберді. Еске салсақ, Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) ширек финалда сүрінді. Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді