
Сайран көліне батып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Суға батып кеткен ер адамның денесі табылды, оның жеке басы анықталуда», – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен. Куәгерлердің айтуынша, 31 мамыр күні шамамен кешкі сағат 17:30-да Сайран көліне 25-30 жас аралығындағы ер адам суға түсіп, қайтып шықпаған. Алдын алдын ала болжам бойынша, жас жігіт таныстарымен бірге ішімдік ішкен. Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласы құтқару қызметінің 4 сүңгіруі мен «ҚР ТЖМ» ММ-нен 3 сүңгуір мен 2 қайық жұмылдырылды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік мәдениетін сақтауға шақырады. Суда мына нұсқаулыққа назар аудару қажет: — Суға арнайы рұқсат етілген жерде ғана шомылыңыздар; — Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар; — Егер сіз арнайы рұқсат етілген жерде шомылғанда суда жүзу білмесеңіз, белден жоғары келетін суға түспеңіз; — Жүзу кезінде бір-бірлеріңізді қадағалап отырыңыздар; — Қоршау белгілерінен асып, жағадан алысқа жүзіп бармаңыздар; — Қайықтар мен катерлерге қарай жақын жүзуге болмайды; — Қайықтар мен көпірлерден суға қарай секірмеңіздер; — Суда ұзақ уақыт шомылмаңыздар, тоңып және шаршап қалуыңыз мүмкін; — Түнгі уақытта алкогольді ішімдік ішіп суға шомылмаңыздар.