jasqazaq.kz

Сайран көліндегі жарыста бір адам көз жұмды

17 желтоқсан 2018, 11:45

Алматыдағы Сайран көлінде дәстүрлі түрде өтетін джип-фестте аяқасты пилот қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz порталына сілтеме жасап.

Сол жерде кезекшілік атқарған дәрігерлер бригадасы көмек көрсете алмады және олар спортшының көз жұмғанын айтты. Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша марапаттауды ұйымдастырушылар өткізген жоқ, екінші күні туралы мәселе де әлі шешілген жоқ. Басылымның мәліметінше, республикалық джип-спринтерлердің қатысушысы әрі жүлдегері талдықорғандық Азамат Әбдіғали қайтыс болды. Ол өзінің дайындалған УАЗ автокөлігімен «Спорт» категориясы бойынша жарысқа түсіп, финишке жете алмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі — өкпе артерияның тромбоэмболиясы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде