
Алматыда сүңгуірлер Сайран көліне батып кеткен ер адамды іздестіруде.
Куәгерлердің айтуынша, 31 мамыр күні шамамен кешкі сағат 17: 30-да Сайран көліне 25-30 жас аралығындағы ер адам суға түсіп, қайтып шықпаған. Алдын алдын ала болжам бойынша, жас жігіт таныстарымен бірге ішімдік ішкен. «Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары жедел іздестіру-сүңгуір жұмыстарын бастады. Іздестіру-сүңгуір жұмыстары қараңғы түскенге дейін жүргізілді. Бүгін таңғы сағат 08:30-дан бастап іздестіру-сүңгуір жұмыстары қайта басталды. Іздестіруге ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның сүңгуірлері де тартылды. Су тұнық болмағандықтан су астынан ештеме көрінбейді. Сондықтан іздестіру жұмыстары жанасу арқылы жүргізілуде»,- деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жаңдайлар департаментінен. Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласы құтқару қызметінің 4 сүңгіруі мен «ҚР ТЖМ» ММ-нен 3 сүңгуір мен 2 қайық жұмылдырылды.
ҚазАқпарат