jasqazaq.kz

«Сайран» автовокзалы заңсыз тасымал салдарынан шығынға батты

18 қыркүйек 2020, 10:46

«Сайран» автовокзалы заңсыз тасымалдаушылардың салдарынан шығынға батып отыр. Бұл туралы «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Көлеңкелі бизнес жүргізетіндер автовокзалдың маңынан тұрақ тауып алады да, жолаушыларды кассаға жеткізбей алып кетеді. Салдарынан ресми пунктен жүретін тасымал он есе азайды.

Заңсыз тасымалдайтындардың жолақысы арзандау. Сондықтан автовокзалдың көліктері бар болғаны 20 пайызға толады. Ұзақ карантиннен зардап шеккен заңды тасымалдаушылар тағы шығынға батты.

«Қазір 4-5 адам, әрі кетсе 10 адам жүреді. Бұл — 50 орындық автобус. Кейде 15 адам болуы мүмкін. Өйткені олар барлық жолаушыны алып кетеді», — деді «Сайран» автовокзалында тасымал қызметінің бастығы Ерлан Әбілдаев.

Сондай-ақ сарапшылар заңсыз тасымалдаушылар жолаушылардың өміріне қауіп төндіретінін ескертті. Олардың лицензиясы жоқ, ал жүргізушілері медициналық тексерістен өтпейді. Автобустарын да рейс алдында ешкім тексермейді. Санитарлық талаптар туралы айтудың да керегі жоқ.

«Заңсыз тасымалдаушылар көлігін «Сайран» территориясынан тыс, бірақ жақын жерге заңсыз тұраққа қояды. Мұндай тасымалдаушы санитарлық процедуралардан өтпейді, көлік техникалық талаптарға сай ма — белгісіз. Осылайша олар қауіп төндіреді — жол-көлік оқиғасына әкеп соғады», — деді Көліктік бақылау инспекциясының жетекші маманы Ерлан Жүсіпов.

Карантин басынан бері 31 заңсыз тасымалдаушыға қатысты хаттама толтырылған. Қазір көлеңкелі бизнесті толық тоқтату мүмкін емес, бірақ шешім табылған. Сарапшылар автовокзал периметрінде «Сергек» камераларын қойып, заңсыз бизнесті тіркеуді ұсынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде