jasqazaq.kz

Сайрам ауданында бойжеткен есірткімен ұсталды

09 шiлде 2021, 14:09

Сайрам ауданында синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен жас қыз ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына белгісіз тұлғадан есірткіге байланысты хабарлама келіп түседі. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сайрам ауданы ауылдарының бірінде жол бойында күдікті жас қыз ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде бойжеткеннің қол сөмкесінен пакетке оралған ішінде есірткіге ұқсас заты бар 6 дана орама табылды. Болған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Полицейлер тәркіленген айғақты затты сараптамаға жолдады. Оның қорытындысы бойынша заттың жалпы салмағы 3 грамнан асатын «синтетикалық есірткі» екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысы оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия