jasqazaq.kz

Сайлауға жастар көп қатысты

10 қантар 2021, 22:52

Сайлау учаскесінде дауыс берген жастар көп болды. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Кеше ғана ауа райы шамамен -40 градус суық болған. Бүгін күн жылынып кетеді деп ешкім ойлаған жоқ және осындай аязды күні осыншама халық сайлауға қатысады деп ойлаған жоқпын», — дейді Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Башимов.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары сақталып, сайлау жақсы ұйымдастырылған.

«Сондай-ақ, дауыс беріп жатқан жастарды көп байқадым. Сайлауалды науқанда дебат өтті. Оның қандай деңгейде өткенін әртүрлі бағалауға болады, бірақ ең бастысы – оған әртүрлі сарапшылар қатысты. Дебатқа қатысу –қатыспау құқықтарын да пайдаланды. Бұл үлкен өзгеріс деуге болады», — дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңызын талқылайтынын жазған болатынбыз.

Іс-шараны Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия