jasqazaq.kz

Сайлауға бірінші рет қатысатындарға сыйақы бермек

03 маусым 2019, 12:37


9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін елорда тұрғындары естелік сыйлықтар алады.

ҚазАқпарат  хабарлағандай, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен мәлім еткендей, биыл 18 жасқа толған 34 мыңнан астам астаналық Президент сайлауында алғаш рет дауыс береді. Олар үшін сайлау учаскелерінде сыйлықтар дайындалған. Сондай-ақ 9 маусым күні туған күн мерекелерін атап өтетін қала тұрғындары құралақан қалмайды. Оларға жеңіл жейде, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлықтар тапсырылады. «Сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында әлеуметтік желілерде «Ел жүрегі — Нұр-Сұлтан!» атты арнайы имидждік жоба іске қосылды. 9 маусымда елорда әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз ететін болады», — делінген әкімдік хабарламасында. Нұр-Сұлтанда 18 жасқа толған 34 366 азамат алғаш рет дауыс беретіні бұған дейін хабарланған болатын. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимовтің айтуынша, сайлаушылардың тізімі бұл күнде нақтыланып қойған. Елордада барлығы 239 сайлау учаскесі құрылған. Азаматтар өз сайлау учаскесіне қатысты мәліметті «іКomek» қызметінің «109» нөмірі, «Smart Astana» мобильдік қосымшасы, Telegram-дағы @smartastana_bot чат-боты және әкімдік сайтындағы сілтеме арқылы таба алады. Сайлаушылар тізіміне қосылу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелу шарт.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде