jasqazaq.kz

Сайлаудан кейін дауыс санаған 500 қызметкер көз жұмды

12 мамыр 2019, 23:00

Индонезияның денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлердің басым көпшілігі инсульт пен инфарктан көз жұмғанын хабарлады.

Бұған дейін Индонезия сайлау комиссияларының жүздеген қызметкері дауыс санау кезінде қауырт жұмысқа шыдамай ажал құшқаны хабарланған еді. Тағы 2,5 мыңнан астамы ауруханаға түскен болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, сайлаудан кейін елде 496 қызметкер көз жұмған, олардың дені – 131 адам Батыс Джава провинциясында қаза болды, деп жазады Strait Times.

Орталық сайлау комиссиясы көз жұмғандардың жасы 50 мен 70 жас аралығында болғанын атап өтті.

Айта кетсек, Индонезияда 21 сәуір күні бір мезетте біркүндік жалпыға бірдей сайлау өтіп, ел президенті мен вице-президент, ұлттық парламент, өңірлік парламент, қалалық және аудандық деңгейдегі муниципалды кеңестердің депутаттары сайланды. Әр сайлаушы бес сайлау бюллетенін толтырып, бес түрлі урнаға салуы тиіс болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша сайлаушылардың 80 проценттен астамы дауыс беруге қатысқан. Сайлаудың ресми нәтижесі 22 мамырда жария етіледі.

Дереккөзі: sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде