jasqazaq.kz

Сайлаудағы заңсыздықтары үшін қанша адам жазаланды?

20 маусым 2019, 10:34

Қазақстанда бүгінге дейін басқа адамдар үшін дауыс беру мүмкіндігін жасау мақсатында сайлаушыларға бюллетеньдер бергені үшін учаскелік сайлау комиссиясының 11 мүшесі жазаланды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша жауапкершілікке тартылғаны айтылады. Оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салыныпты. Бас прокуратураның өкілдері президент сайлауының заңнама нормалары бойынша өткенін мәлімдеді. Прокуратура мәліметінше, сайлау кезеңінде 36 әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Олардың 30-ын сот қараса, алтауы енді қаралып жатыр. «9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 108-бабы бойынша айыппұл салынды (бір сайлаушы — бір дауыс — бір бюллетень). Негізінен олар отбасы мүшелері үшін бюллетеньдер алған. Бұл Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары. Осындай 4 іс Жамбыл облысының Мамандандырылған әкімшілік сотының қарауында. Прокуратура органдары бірқатар БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған бюллетеньдер салу мен өзге де заңбұзушылықтар туралы бейнежазбалар бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Мәліметтердің көпшілігі расталмады», — делінген хабарламада. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, тексеріс қорытындысы бойынша заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа беріледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде