jasqazaq.kz

Сайлау учаскелері дауыс санауға кірісті

10 қантар 2021, 22:57

Учаскелік сайлау комиссиялары ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаудағы сайлаушылардың дауысын санауға кірісті. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты. Бұл  ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның атап өтінше, Қазақстан аумағында сайлау аяқталды. Ал еліміздің шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан ашылған 42 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр.

«Сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 43-баптың 1-тармағына сәйкес, сайлау учаскелерінде дауыстарды санау санақ басталғаннан кейін 12 сағаттан аспауы тиіс. Дауыс беру нәтижелерінің хаттамалары бірден тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі. Партиялық тізім бойынша сайлау нәтижесі Орталық сайлау комиссиясының отырысында анықталады», — деді Константин Петров.

ҚР ОСК төрағасының орынбасары аумақтық сайлау комиссияларынан дауыс беру қорытындысы электронды түрде ертең келіп түсетінін айтты.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы ОСК брифингі барысында жарияланады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия