jasqazaq.kz

Сағынтаев ТЖК басшысының орынбасарын жұмыстан босатты

12 ақпан 2019, 12:34

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Төтенше жағдайлар комитеті басшысының орынбасары Барат Дұзақбаевты жұмыстан босатуды тапсырды. 

 Tengrinews.kz  жазғандай, «Төтенше жағдайлар комитетінің басшысының орынбасары Барат Дұзақбаев жұмыстан босатылсын, ол ұзақ уақыт Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментін басқарған», — деді Сағынтаев үкімет отырсында. «Өздеріңіз көріп отырғандай, өрт және су тасқын мәселелеріне аса қатты назар аудару керек. Осыған байланысты ІІМ мен әкімдерге өрт қауыпсіздігін қамтамасыз ету керек және оның алдын алу шаралар жасалуы тиіс. Оның ішінде көпбалалы, жағдайы төмен отбасылар және мүгедек адамдар мен зейнеткерлердің үйлеріне назар аударылуы керек», — деді үкімет басшысы. Премьер-Министр Президент әкімшілігіне  Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге сөгіс жариялануы туралы ұсыныс жіберетінін айтты. Қатаң сөгісті Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер алды. Оған қоса, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылық қызметін орындаушы Марғұлан Аманбаевқа да қатаң сөгіс жарияланды. Себебі, ол ұзақ уақыт Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментін басшысының орынбасар қызметін атқарған. Еске салайық, Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапты. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. 4 ақпанда сағат 02:34-те 101 пультіне жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстан өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Өрт 30 шаршы метрді шарпып, кейін 25 шаршы метр шатырды құлатқан. Тілсіз жау 03:06-да оқшауланып, 03:24-те сөндірілді. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды. Ата-аналары жұмыста болған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық