jasqazaq.kz

Сағынтаев: оқушылар сөмкесінің ауырлығына қатысты мәселені шешуді тапсырды

09 қазан 2018, 11:05


Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев білім берудің жаңартылған бағдарламасы, мектеп оқулықтарының салмағы мен электронды журналдарды енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Tengrinews.kz  жазғандай, «Білім берудің жаңартылған бағдарламасы бойынша көптеген сұрақ туындап жатыр, сондай-ақ балалардың сөмкелерінің салмағына қатысты сұрақтар көп», — деді Премьер-Министр үкімет отырысы барысында. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, оқушылардың 70 пайызы жаңартылған бағдарлама бойынша оқиды. «Бұл мәселе толықтай шешілді, ата-аналар тарапынан да қолдау бар. Мұғалімдер осы мәселемен айналысып жатыр, бір жылдан соң барлығы өз орнына келеді. Мектеп сөмкелерінің салмағы жайлы. Биыл біз алғаш рет оқулықтардың қандай қағаздардан жасалатыны, олардың көлемі жайлы талқыладық. Осы ретте мәселені шешу мақсатында қажетті өзгертулер енгіздік. Арнайы шкафтарды қою керек. Балаларға сөмкелерін қалдырып кетуге болатындай. Сондай-ақ тағы бір мәселе — электронды оқулықтарды енгізу. Оған қатысты жұмыстар басталды, балалардың кейбіреулері сол оқулықтармен оқып жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша барлығы электронды журналдармен толық қамтамасыз етіледі», — деді министр. Осы ретте үкімет басшысы мектеп оқулықтары үшін министрді сынға алды. «Бұл кітаптарды кім шығарады? Олар өте ауыр ғой. Электронды оқулықтар жайлы айтып жатырмын. Бастауыш сыныптардағы балаларға ол өте ауыр. Бастапқыда осы мәселені шешуіміз тиіс, ал қағаз мәселесін кейін қарастырамыз. Жеңіл кітаптармен қамтамасыз ету керек, кейін ғана жаңа стандарттарға көшу қажет», — деді Сағынтаев.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді