jasqazaq.kz

Сағынтаев министрлерге соңғы ескертуін жасады

16 қазан 2018, 12:00

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев министрлерге игерілмеген қаржы ведомстводан алынып, әкімдіктерге берілетінін тағы бір мәрте ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Ертең парламентте бюджетті қайта қарау мәселесі қаралады. Қаржы министрі өткен сегіз айдың қорытындысын баяндағандай, сіздерге игерілмеген қаржы алынатыны ескертілген еді. Осының бәрі бюджеттің өзгерісінде қаралды. Ертең ол парламентте баяндалады. Яғни, тоғыз айдың қорытындысы бойынша қай министрлік қаражатты игермеді, соның барлығы алынады. Алынған ақша басқа әкімдіктер тарапынан жасалған ұсыныстарға бөлінеді», — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Премьер-министр жыл соңына дейін әлі үш ай барын, әр айдың қорытындысы бойынша игерілмеген қаржы кері алынып, қаржы көзін қажет етіп отырған салаларға берілетінін айтты.

«Әлихан Асханұлы (қаржы министрі – автор ескерт.), он айдың қорытындысы бойынша кімдер игермейді, бұл жолда біз парламентке бармай-ақ, өзіміз шешетін мүмкіндіктер болады. Ол қаржы ақша сұрап отырған әкімдіктерге өтетін болады», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде