jasqazaq.kz

Сағынтаев Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

01 наурыз 2019, 16:23

Елбасы Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Б.Ә. Сағынтаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2019 жылғы 1 наурыз

№ 864

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында туған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастады. 1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, ассистент лауазымынан әлеуметтану кафедрасының доцентіне дейінгі еңбек жолынан өтті. 1992 жылдан 1998 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет етті. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2007 жылға дейін — Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы болды. 2007 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болды. 2008 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. 2012 жылдың 20 қаңтарында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап — «Нұр-Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті. 2013 жылдың 16 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Өңірлік даму министрі лауазымында қызмет етті 2016 жылғы 9 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Табиғи монополиялар саласын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту тақырыптарына арналған бірқатар ғылыми жұмыстың авторы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда