jasqazaq.kz

Сағынтаев «Қазақ ұлттық университеті жерін сатуға» қатысты пікір білдірді

17 ақпан 2021, 15:05

Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жер сату туралы қауесетке қатысты пікір білдірді.

Кездесуде Бостандық ауданының тұрғыны Әнипа Сұрапбергенова ҚазҰУ түлегі екенін және ол университет жерін жекеменшікке беру туралы қауесет естігенін айтты. Әйел қала әкімінен бұл ақпараттың қаншалық рас екенін сұрады.

Бақытжан Сағынтаев жоғары оқу территориясын ешкім жекеменшікке бермейтінін айтты.

«Университет айналасындағы барлық аумақ университетке тиесілі. Егер ЖОО бұл жерді басқа біреуге бергісі келсе, онда ол әкімдікке «жер маған керек емес, оны кері қайтарып ал» деген ұсыныс айту керек. Қазір университетке жаңа ректор тағайындалды (Жансейіт Түймебаев — еск.). Біз онымен кездесіп, осы тақырып туралы сөйлестік. Ол жерді беру мүмкін емес, бұл дұрыс емес және бұл университетті дамыту үшін қажет деп нық айтты. Бұл — оның ұсынысы. Сондықтан бүгінде жоғары оқу орнының территориясын басқа біреуге беру туралы әңгіме жоқ екенін тағы айтқым келеді», — деп түсіндірді Сағынтаев.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде